Пирамидалар құлай ма?

01 шiлде 2022, 12:19

Қаржы пирамидаларын жарнамалағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Осы аптада Сенат қаржы пирамидасының қызметін қатаңдататын өзгертулері бар заң жобасын қабылдады. Біреудің жиған-терген ақшасын алдап алуға әрекеттенгендер жеті жылға дейін темір торға қамалуы мүмкін.

Сенатор Андрей Лукин: «Жаңа құжат қаржы пирамидаларын ұйымдастырудың алдын алып, оларды жарнамалауға ниеттілерге тосқауыл қояды. Қаржы пирамидалары келтірген залалдың өсуін ескере отырып, жазаны қатаңдату қаржы пирамидаларын жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу өз нәтижесін беруі тиіс», – деді.

Расымен де, соңғы кездері оңай олжаға кенелемін деп, қаржы пирамидасының құрығына түсіп жатқандар саны еселеп өскен. Аңқау елді блогерлер де тез баюға шақырып жүр. Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстанда 38 қаржы пирамидасын анықтап, оның 31-нің жұмысына тосқауыл қойған. Бұл ұйымдарға 2800-дей адам алты жарым миллиард теңгесін салып жіберіпті. Жалпы дерек бойынша, елімізде 17 мың адам алаяқтарға сеніп, 27 млрд теңгесінен айрылған. Сенаторлар түзеткен жаңа заң бойынша, пирамидаларға қаржы салуға халықты үгіттеп, жарнамалағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ. Жазасын айыппұл түрінде немесе қоғамдық жұмыстар істеп өтей алады. Мұның барлығы қылмыстың ауырлығына қарай белгіленеді. Қаржы пирамидасын құрып, оған жетекшілік еткендерге 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бекуі мүмкін.

Ал бүгінде Ақтөбеде қаржы пирамидасынан зардап шеккендер сот процесінің барысына көңілі толмай отыр. Өйткені олар «қаржы пирамидасын құрды» деген күдікке іліккен 31 сотталушының не үшін үй қамаққа жібергенін білмей дал. Тергеу барысында оларға 30 млрд теңгеден астам ақшаны алдап алды деген айып тағылған еді. Енді жәбірленушілер «тағы да тақырға отырып қаламыз ба» деп қауіптенуде. Төрт бірдей қаржы ұйымын құрып, 17 мыңнан аса адамды сан соқтырып кеткендердің ісі әдеттегідей сот ғимаратында өтіп жатқан жоқ. Бұрынғы қоныс колониясының үлкен залын осы процесс үшін әзірлеген. Себебі 48 сотталушы мен жәбірленушілерді соттың шағын бөлмесіне сыйдыру мүмкін емес. Адвокаттардың өзі алпыстан асады. Жұртты алдап ақшасын қаққан төрт пирамида – «Грант24 ломбард», «Эстейт Ломбард», «Нұр-Әли капитал», «Выгодный займ» ұйымдары бір-бірімен байланысты. Сотта да бірге қаралап жатыр. Жақында қамауда отырған 31 сотталушыны судья үй қамаққа жіберген. Мұны естіген жәбірленушілер, ақшадан қағылып қана қоймай, алдап кеткендер енді жазасыз қала ма деп қорқады.

Қаржы пирамидасына алданған Евгения Гановская былай дейді:

«Жәбірленушілердің арасындағы белсенділері қазір қорқып жүрміз. Сотталушылар үй қамаққа жіберілген соң, өмірімізге қауіп төндірмей ме деп. Олардың ақшасы көп екені белгілі. Қамаудан шыққан соң кез келген жәбірленушіге қысым көрсете алады ғой».

Алайда соттағылар болса, қамаудан босатылғандардан қорқып, күдіктенудің қажеті жоқ деп сендіреді. Олар үй қамаққа шыққанымен, жүріп-тұруынан бастап, біраз шектеу қойылған екен.
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Гүлжанар Отарбаева:

«Күзетпен ұстаудың 12 айлық мерзімі өткеннен кейін сот сотталушыға бұлтартпау шарасын үй қамаққа алу немесе өзге де бұлтартпау шарасы ретінде өзгертуі тиіс. Осыған байланысты сот қаулысымен 31 сотталушыға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қылмыстық істің мәні бойынша қарағанға дейін үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасына өзгертілді», – деді.
Қаржы пирамидасын құрып, мол табысқа кенелді деп күдікке іліккендердің көбі өзге аймақтың тұрғындары. Сондықтан үй қамаққа шыққан сол сотталушыларға Ақтөбе қаласының әкімдігі уақытша тұратын баспана берген. «Ол үй күні-түні күзетте болады. Сондықтан күдіктілер ешқайда аттап баса алмайды», – дейді жауаптылар. Осы аты-шулы сот процесі бір ай көлемінде аяқталып, 17 мың салымшыны сан соқтырып кеткендерге қатысты шешім шығуы керек.

Диас Нұрақын

18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды