jasqazaq.kz

«Pfizer» компаниясының вакцинасы қазақстандықтарға күзде қолжетімді болады

16 шiлде 2021, 10:43

«Pfizer» компаниясымен 2021 жылдың 4-тоқсанында жеткізуге алдын ала келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

«2021 жыл наурыздан бастап «Pfizer» компаниясының өкілдерімен Сovid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізу мүмкіндігі туралы келіссөздер рәсімдері басталды. Министрлік пен «Pfizer» компаниясының арасындағы өзара іс — қимыл шеңберінде құпиялылық туралы келісімге қол қойылды», — делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Министрлік мәміленің негізгі шарттары туралы келісімдердің талаптарын оңтайландыру бойынша «Pfizer» компаниясымен тұрақты негізде келіссөздер жүргізуде, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейінде кеңес өткізілді.

Сонымен қатар, «Pfizer» компаниясы вакцинаны жеткізу туралы келісім жасау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын қабылдау қажеттігі туралы хабарлады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия