jasqazaq.kz

Петропавлдық полицейлер ірі көлемде есірткі тәркіледі

02 шiлде 2018, 16:22

Петропавлда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Интернационал және Театральная көшелерінің қиылысында есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлерімен күдікті автокөлік тоқтатылып, оның ішінен есірткі табылды.

Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтады деген күдікпен көліктің ішіндегі петропавлдық үш жолаушы ұсталды. Сот-химиялық сараптамасына сәйкес алынған зат салмағы 4 келі 975 грамм болатын героин есірткі заты екені анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілер Петропавл қаласы ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Сотқа дейінгі тергеу аясында есірткі заттарының облыс аумағына қайдан келгені анықталмақ. Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде. Бұл бап 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Жылдың басынан Солтүстік Қазақстан облысы аумағында есірткімен байланысты 150 қылмыс анықталып, заңсыз айналымнан 70 келіден астам есірткі заттары алынған.

24.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді