jasqazaq.kz

Петропавлдағы жекеменшік үйде газ жарылды

21 сәуiр 2019, 14:37

Петропавлдағы жекеменшік үйлердің бірінде газ жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оқыс оқиға Жұмысшылар кентінде болған. Оған тұрмыстық газ баллонын дұрыс пайдаланбау себеп болған. Уақытша салынған үйдің қабырғалары мен шатыры опырылған, бірақ артынша өрт тұтанбаған. Газ жарылысы салдарынан екі қолын, табанын, бетінің 3 пайызын 2-3 дәрежелі күйік шалған 55 жастағы ер адам №3 қалалық аурухананың травматология бөліміне жеткізілді. «Тұрғындарға үйлерінің, пәтерлерінің өрт қауіпсіздігі жағдайын үнемі қадағалап отыруын, әсіресе пештердің, газ қондырғылардың, электр сымдары мен электр аспаптарының ақауы бар-жоғына аса мән беру қажеттігін ескертеміз», — дейді департамент өкілдері.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда