jasqazaq.kz

Петропавлдағы мектепте карантинге байланысты сабақ тоқтатылды

22 ақпан 2020, 15:19

Петропавлда тұмау мен ЖРВИ-дің өршуіне байланысты мектептердің бірі карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қалалық білім беру бөлімінің мәліметі бойынша, №6 мектептегі оқу тоқтатылған. №9, 5, 24, 26 мектептері мен «БЭСТ» гимназиясының кейбір сыныптары да карантинге жабылды. «Сабақтар 5-7 күн аралығында болмайды, мәжбүрлі демалыстар балалардың сабақ үлгеріміне әсер етпейді»,- деді білім бөліміндегілер. Егер ауырғанына байланысты сабаққа сыныптың 20%-ы немесе одан да көп оқушысы қатыспаса оқу процесін тоқтату туралы шешімді мектеп әкімшілігі қабылдайды. Егер мекемедегілердің 30%-ы немесе одан да көбі болмаса, директордың бұйрығымен мектеп жабылады. Бұған дейін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті соңғы аптада ЖРВИ жұқтырған оқушылардың саны артқанын хабарлаған болатын.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия