jasqazaq.kz

Петропавлдағы мәдениет үйінің төбесі опырылып түсті

20 қазан 2021, 17:33

Петропавлдағы мәдениет үйінің төбесі опырылып түсті. Нысан осыдан 9 жыл бұрын күрделі жөнделген болатын. Апаттық жағдайда тұрған сахна залының қашан жөнделері белгісіз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Петропавл қалалық мәдениет үйі 1930 жылы ашылған. Ескі ғимараттың төбесіндегі бетон тіреуіш майысып, бір бөлігі құлап қалған. Жапа шеккендер жоқ. Ұжым директорының міндетін атқарушы қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты. Ол аз болғандай журналистерді ғимараттан күштеп қуып шықпақ болды.

Апаттық жағдайға байланысты нысан жұмысы уақытша тоқтатылды. Әкімшілік құрамнан басқа қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуде. Өйткені төбенің қалған бөлігі құлауы әбден мүмкін.

«Екінші қабаттағы дыбыс операторының кабинетінің асты құлады. Ешкімге кіруге рұқсат жоқ. Басшылық оны қатты қадағалауды тапсырды. Жоғарғы қабатқа да көтерілуге болмайды», — дейді күзетші Жұмаш Тұрсынбаев.

Мәдениет үйінде 2012 жылы күрделі жөндеу жасалған еді. Шығармашылық ұжымдармен қатар мектеп жасындағы балаларға арналған 25 үйірме жұмыс істеп келген болатын. Қазір 546 бала жетекшілерімен бірге қаладағы басқа орталықтарға барып жүр.

«Тіреу майысып кеткен. Сараптама жасалды. Төбені қалпына келтіру үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. Сараптама дайын болған кезде облыстық бюджеттен қаражат сұраймыз. Қала қазынасында ондай ақша жоқ. 105 млн теңге қажет. Жөндеу жұмыстарының басталуы сараптамаға байланысты. Мәдениет үйі қайтадан қашан іске қосылатынын дөп басып айта алмаймын», — дейді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин.

Петропавлдағы мәдениет нысандарының басым көпшілігінің ғимараты ескі. Қазақстандағы ең көне театр саналатын Н.Погодин атындағы орыс драма театры да осы шаһарда орналасқан.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр