jasqazaq.kz

Петропавлдағы газ жарылған үйден ер адамның денесі табылды

22 сәуiр 2022, 15:52

Петропавлда тұрғын үй өртеніп, салдарынан газ баллоны жарылды. Мамандар оқиға орнынан 60 жастағы ер адамның мүрдесін тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 21 сәуір күні сағат 21.00 шамасында Петропавлдағы Косогор, 33 мекенжайындағы жер үйден шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келген кезде жалын бүкіл үйді жайлап алған. Мамандар келгенше газ баллоны жарылған.

Өрттен баспана, монша жанып кетті, қасындағы көрші саяжай үйінің қабырғалары мен шатыры зақымданды. Ал жанған үйден 1962 жылғы ер адамның денесі табылды.

Мәйіт медициналық сараптамаға жіберілді, өрттің шығу себебі мен шығын мөлшері анықталып жатыр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр