jasqazaq.kz

Петропавлдағы №21 мектепте қазақ сыныптары жабылып қалды

19 тамыз 2021, 10:47

Петропавл қаласындағы №21 орта мектепте мемлекеттік тілде білім беретін кейбір сыныптар жабылып қалды. Ата-аналар оқушылардың құжаттарын басқа білім ордаларына тапсыруға мәжбүр болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аталған мектепте 2012 жылы балаларға қазақ тілінде білім беретін сыныптар ашылған болатын. Ата-аналармен кездескен Петропавл қалалық білім бөлімінің мамандары оларды жабу керектігін айтып, басқа мектептерден орын ұсынған.

«Кездесуде орыс мектебінің жанынан ашылған сыныптарда білім сапасы болмайтыны айтылды. Өйткені мұғалімдердің бәрі келіп-кетіп жұмыс істейді. Мамандар балалардың болашағын ойлауға міндетті екенімізді айтты. Береке шағын ауданында былтыр ашылған жаңа мектепке барлық бала қабылданатынын айтты. Ата-аналар бастапқыда қарсылық көрсеткен. «Сапа жоқ» дегенен кейін амалсыз көнгендей болды», — дейді редакциямызға хабарласып, шағым түсірген ата-ана.

№21 орта мектеп орналасқан ауданда қазақ мекебі мүлде жоқ. Сондақтан балалар басқа аудандарға барып оқуға мәжбүр болады. Кейбіріне діттеген жеріне жету үшін екі автобусқа отыруға тура келеді. Ата-аналар әсіресе қыс мезгілінде балалар қиналатынына алаңдаулы. Ал, Петропавл қалалық білім бөлімі қазақ сыныптарының жабылуын оқушы санының аздығымен түсіндірді.

«Қазақ тілді сыныптарға сұраныс жоғары болғандықтан 2012 жылы №21 орта мектепте мемлекеттік тілде оқытылатын сыныптар жұмысын бастаған еді. Уақыт талабына сай қаламызда 6 қазақ мектебінің ашылуымен оқушылар өз ықшам аудандарындағы мектептерге ауысты. Жиналыс кезінде ата-аналарға ұсыныс жасалды. Дүйсенбіге дейін ойлануға уақыт берілді. Қалуға ниет білдірген жағдайда, барлық қазақ тілді сыныптар жұмыстарын жалғастырады», — делінген аталған бөлім жолдаған ақпаратта.

Мәселе әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Көпшілік солтүстіктегі мемлекеттік тілдің даму деңгейі төмен болып тұрғанда қазақ сыныптарының жабылуына наразылық білдірді.

«Құрметті тіл жанашырлары! Қаладағы бірде-бір мектепте қазақ тілінде білім алып жүрген сыныптардың жабылуына жол берілмейді», — деп пікір қалдырды облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия