jasqazaq.kz

Петропавлдағы №2 қалалық сотына «жарылғыш зат қойылды»

15 тамыз 2022, 14:01

Петропавлдағы №2 қалалық сотына бомба қойылғандығы туралы хабар арнайы қызметтерді әбігерге салды. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 10:30 шамасында Петропавлдағы Брусиловский көшесі, 60 мекен жайындағы №2 соттың ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар түскен.

«Петропавлдағы №2 соттың және сот қызметкерлерінің электронды пошталарына «соттардың ғимараттарына жарылғыш заттардың қойылғандығы туралы» хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен Петропавл қалалық полициясының жедел тергеу тобы және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері сағат 10:30-да №2 қалалық соттың және осы ғимаратта отырған мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьялары мен қызметкерлерін қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Ғимаратты тексеру кезінде полиция қызметкерлері жарылғыш затты таппады», — делінген хабарламада.

Сот ғимаратын тексеру жұмыстары сағат 11:20-да толық аяқталып, соттардың қызметкерлері жұмыс орындарына қайтып оралды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде