jasqazaq.kz

Петропавлда жігіт танысудан бас тартқан бойжеткеннің телефонын тартып алған

09 қыркүйек 2021, 10:15

Петропавлда полицейлер бойжеткеннің қолындағы смартфонын тартып әкеткен жігітті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияның кезекші бөліміне түнгі сағат 1.00 шамасында Петропавлдың Сәтбаев көшесіндегі дүкендердің маңында белгісіз ер адамның қыздың ұялы телефонын тартып әкеткені туралы хабарлама түсті. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларын қарап, нәтижесінде күдіктіні анықтады. Ол бұрын бұзақылық жасағаны үшін сотталған 25 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Сол күні кешке ер адам Интернационал көшесіндегі дәмханалардың бірінен шыққан. Жолда вокзалға қарай бет алған бойжеткенді көрген. Онымен таныспақ болған мас жігіт Сәтбаев көшесінің бойындағы азық-түлік дүкендерінің біріне дейін жеткен, кейін қыздың қолындағы смартфонын тарып алып, кетіп қалған. Келесі күні оны екінші полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Қазіргі уақытта бұл факті «тонау» бабы бойынша тіркелген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде