jasqazaq.kz

Петропавлда уақытша ұстау изоляторында күдікті өзіне қол жұмсады

28 маусым 2022, 11:56

Петропавлда кісі өлтіруге оқталған күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторында өзіне қол жұмсады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Барлығы қаланың бірнеше тұрғыны арасындағы дәмханадағы жанжалдан және одан кейінгі пышақтасудан басталған.

«11 маусымға қараған түні полицияға Береке ауданындағы Ибраев көшесінің бойындағы аулада қаланың үш тұрғынын пышақтап кеткені туралы қоңырау түсті. Күдіктілер оқиға орнынан бой тасалаған. Жарақат алған Петропавл қаласының 29, 32 және 34 жастағы тұрғындары ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады агенттікке облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Жедел іс-шаралар барысында күдіктілер – 35 және 43 жастағы екі ер адам анықталды және ұсталды.

Бұл факті «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Алдын ала тергеу барысында ер адамдар арасында дәмханалардың бірінде жанжал туындағаны анықталды.

«Күдіктілердің бірі Петропавл қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында болған кезде өз-өзіне қол жұмсады. Бұл факт Қазақстан Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді», — деп хабарлады полицейлер.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық