jasqazaq.kz

Петропавлда тағы да су құбыры жарылды

12 желтоқсан 2022, 10:48

Петропавлда түнде суық су құбыры жарылып, апат болды. Салдарынан таңертең бірнеше шағын ауданда су болмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таңғы сағат 4.00 шамасында Петропавл әкімі Руслан Аңбаевтың әлеуметтік желідегі парақшасында жазба пайда болып, қала басшысы облыс орталығында тағы да су құбыры жарылғанын мәлімдеді.
«Түнде Петропавлдағы 314-ші атқыштар дивизиясында су құбыры жарылды. Қазіргі уақытта учаскеде жұмыстар басталып кетті. Барлық күш жұмылдырылды. Су қысымы алдағы бірнеше сағаттың ішінде қалпына келеді. Жұмыс барысын бақылауда ұстап отырмын», — деп жазды Руслан Аңбаев.
Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, түнде 314-ші атқыштар дивизиясы көшесінде диаметрі 800 мм суық су құбыры жарылған.
Қазіргі уақытта ақау шыққан жер анықталды. Оқиға орнында «Қызылжар су» ЖШС авариялық бригадасы жұмыс істеп жатыр.
Осы апатқа байланысты Петропавлға Бескөл елді мекені жағынан кіре беріс жабылды. Мамандардың айтуынша, арнайы техника шығарылып, су сору жұмысы жүргізіліп жатыр.
«Қызылжар Су» ЖШС-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, жарылған су құбырының пайдалануға берілгеніне небары 15 жыл болған. Яғни, әлі ескіре қоймаған.
Қазіргі уақытта Петропавлдың барлық ауданында су бар. Тек апатқа жақын орналасқан Жұмысшы кенті мен «Береке» шағын ауданында су қысымы төмендеген.Естеріңізге салайық, 1 желтоқсан күні Петропавлдағы М.Жұмабаев көшесінде диаметрі 800 мм су құбыры жарылып, 15 көп қабатты үй мен әлеуметтік, комерциялық нысандар тәулікке жуық сусыз отырды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр