Петропавлда Смирнов ауылының полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсады, — деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Петропавловск.news-ға сілтеме жасап.
Оқиға 15 ақпанда болған. Өз-өзіне қол салу үшін 29 жастағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор, облыс орталығында жалға пәтер алған.
СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі полицейдің қайтыс болғанын растады. «15 ақпанда Смирново қаласының тұрғыны жалдамалы пәтерде өз-өзіне қол жұмсады. Бұл факт ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Аққайың ДРО қызметкерінің өз-өзіне қол салуына байланысты жеке қауіпсіздік бөлімі ішкі тексеруді тағайындады. Тергеу СҚО ПД бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаевтың жеке бақылауында », — деп хабарлады полиция басқармасы.