jasqazaq.kz

Петропавлда пәтерінде есірткі жасап сатқан нашақор ұсталды

04 қараша 2022, 16:36

Петропавлда пәтер жалдап, синтетикалық есірткі жасаумен айналысқан күдікті ұсталды. Баспананы тінту кезінде аса ірі көлемде психотроптық заттар тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

СҚО Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 25 жастағы нашақорды ұстады. Жеке тінту кезінде қара изолентамен оралған, кристалл тәріздес зат салынған 15 орама алынды. Тағы 25 түйіншек тұрып жатқан екінші мекенжайынан анықталды. Күдікті екі мекенжайда, жалдамалы пәтерде және таныстарының үйінде тұрып келген. Сараптама алынған заттың α-PvP — «тұз» деп аталатын синтетикалық есірткі екендігін көрсетті. Жалпы салмағы 32,3 грамды құрады, бұл аса ірі көлемге жатады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-б. бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жас жігіт бұған дейін де «есірткі жасыруды» ұйымдастыру жолымен есірткі таратты деген күдікке іліккен болатын. Алайда жауапкершіліктен сытылып кеткен.

«Өткен жылы бұл азамат синтетикалық есірткі өткізуде күдікті деп ұсталған болатын, алайда алынған заттың формуласы сол кезде «Есірткі құралдары, психотропты заттар мен прекурсорлар кестесіне» енгізілмеген еді. Бұрын бұл үлкен мәселе болатын, алайда 2021 жылдан аталған кестеге жаңа заттарды енгізу процедурасы барынша жеңілдетілді, осы жолы күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылады», — деп хабарлайды СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди.

Жыл басынан облыста есірткі өткізудің 63 фактісі тіркелді. Заңсыз айналымнан 414 келі есірткі заты алынды, оның 2 келі 200 граммы – синтетикалық есірткі.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр