jasqazaq.kz

Петропавлда өрттен үш адам қаза болды

02 қантар 2020, 22:28

Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентіндегі үйден өрт шығып, салдарынан үш адам мерт болды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 қаңтар күні сағат 17.00-де «101» телефон нөміріне Петропавлдың Жұмысшы кентіндегі Панфилов көшесіндегі 72- үйде қою қара түтін шығып жатқандығы жөнінде хабар түседі.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер 8 минутта жетті. Шпалдан салынған баспанадан лапылдап жанған от көрінбегенімен, қатты түтіндеп жатты. Көршілер үй ішінде адамдар болуы мүмкін екенін айтты», — дейді өрт сөндірушілер.

Құтқарушылар үй ішінен иіс тиген 28 жастағы үй иесі әйелдің және оның 3 және 1 жастағы екі ұлының денесін алып шықты. Өрттің салдарынан жиһаз бен тұрмыстық техника жанып кетті. Мамандардың бастапқы болжамынша, өрттің шығуына электр желісінің қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде