jasqazaq.kz

Петропавлда мектеп оқушысы жігіттермен интернетте бойжеткен болып танысып, ақша тапқан

15 наурыз 2022, 14:55

Петропавлда 16 жастағы бозбала интернетте жалған парақша ашып, жігіттерді ақшаға алдап келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдың бірқатар тұрғыны интернет-алаяқтық туралы арыздарымен полицияға жүгінді. Жәбірленушілердің дені жастар. Олар «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде сұлу бойжеткенмен танысқандарын айтқан. Бірер рет хат алмасқаннан кейін «виртуалды таныс» қарызға ақша сұраған, алайда оны қайтаруды ойламаған. Шығын сомасы 13 мың теңгеден бастап 316 мың теңгеге дейін жетеді. Петропавл қалалық полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері парақшаның жалған екенін анықтады. Жедел уәкілдер күдіктіні тапты, ол Петропавлдың 16 жастағы мектеп оқушысы болып шықты. Парақшадағы есімді жасөспірім кездейсоқ таңдап, тартымды бойжеткеннің фотосын интернеттен алып орналастырған. Күдікті бала ата-анасының кепілдігімен босатылды. Аталған фактілер «Алаяқтық» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бүгінгі таңда істе 4 эпизод бар, полицейлер жәбірленушілердің санын нақтылап жатыр.

«Интернет желісінде ақшамен байланысты сұрақтар туындаған кезде, сақ болуды сұраймыз. Киберқылмыскерлер адамдардың интернет желісіндегі парақшаларының көшірмесін айнытпай жасап, олардың таныстарынан белгілі бір себептерді сылтау етіп, ақша сұраған деректер де кездеседі. Сондай-ақ, интернетте тауарлар сатып алу кезінде алдын ала төлем жасауға келіспеңіздер. Бұдан бөлек, ешкімге ешқашан жеке деректеріңізді: банк карталарының нөмірлері мен парольдарын, картаның екінші жағында жазылған cvv-кодтарды, sms арқылы келетін бір реттік кодтарды айтпаңыздар», — дейді криминалдық полиция бөлімінің бастығы Дархан Зияфиддин.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр