jasqazaq.kz

Петропавлда мейрамханадан 200-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды

03 наурыз 2019, 17:08

Петропавл қаласының өрт сөндірушілері мейрамханадағы 170 адамды эвакуациялады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, «Есіл» мейрамханасындағы жертөленің ішін қою қара түтін басқаны туралы хабар 101 телефонына 2 наурыз күні сағат түнгі 23:31-де түскен. «Оқиға орнына облыстық «Өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесіне қарасты №1,2,3 өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары 7 арнайы көлікпен шұғыл жеткен. Олар мейрамхана қызметкерлері мен қонақтарды қоса есептегенде 170 адамды қауіпсіз жерге көшірген», — делінген хабарламада. Өрт мейрамхана мен көпқабатты тұрғын үйдің арасындағы қоқыс тұрған жерден шыққан. Қызыл жалын 6 шаршы метрге шарпыған, деп жазады sputniknews.kz. Өрт түнгі сағат 00:02-де толық сөндірілген. Мамандар өрттің неден шыққанын анықтап жатыр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда