jasqazaq.kz

Петропавлда көшеде тыр жалаңаш жүгірген ер адам 10 күнге қамалды (Видео)

02 желтоқсан 2021, 11:19

Петропавлда көшеге тыр жалаңаш шыққан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Stan.kz.

Әлеуметтік желіде Петропавлдағы Ойқала ықшам ауданында күндіз тыр жалаңаш жүгірген ер адамның бейнежазбасы пайда болды.

Полицейлер құқық бұзушыны ұстады. Ол 35 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Есірткі пайдаланған ер адамға «Ұсақ бұзақылық» бойынша материал жиналып, іс сотқа жіберілді.

Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты 29 қараша күні 1986 жылы туған Петропавл тұрғынына қатысты істі қарады. Құқық бұзушы өз кінәсін мойындады. Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 10 күнге әкімшілік қамауға алуға үкім шығарды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде