jasqazaq.kz

Петропавлда көпқабатты үйдің 3 бірдей балконы жанып кетті

24 мамыр 2021, 15:50

Петропавлда тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, үш пәтердің балконы жанып кетті.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 мамыр күні 112 қызметіне 14.22 минут кеткенде Петропавлдағы Васильев, 61 мекен- жайында орналасқан үш қабатты тұрғын үйден өрт шыққандығы жөнінде хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер келген кезде балкондар отқа оранып, лапылдап жанып жатқан. Жалынмен күреске бүкіл гарнизонның жеке құрамы мен техникасы жұмылдырылды.

«Тұрғын үй үш қабатты, екі подъезді, 7 пәтер бар. 12 адам эвакуацияланып, екі адам құтқарылды, оның біреуі мүгедек. Сағат 16.52-де өрт толық сөндірілді. Өрт зертханасы мен полиция бірлесіп, өрттің шығу себебін анықтады. Электр көзі себеп болған. Шығын мөлшері анықталып жатыр», — дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.

Демалыс күндері 13 өрт тіркелді, 4-уінде тұрғын үй, 6-уында қора-қопсы жанды. Екі көлік отқа оранды.

ҚазАқпарат

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді