jasqazaq.kz

Петропавлда қылмыс жасап, 7 жыл іздеуде жүрген 61 жастағы әйел ұсталды

08 желтоқсан 2020, 14:31

Петропавлда есірткіге қатысты қылмыс жасады деген күдікпен 7 жыл бойы іздеуде болған 61 жастағы әйел ұсталды.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция бөліміне 2013 жылдан бері іздеуде жүрген әйелге қатысты жедел ақпарат түседі.

Тәртіп сақшылары бірден көрсетілген мекенжайға аттанып, есірткі қылмысына күдіктіні Жұмысшы кентіндегі үйлердің бірінен ұстады. 2012 жылы Петропавлда полицейлер героин сатумен айналысқан облыс орталығының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергейді. Тергеу барысында есірткі қылмысына оның анасы – 1959 жылы туған әйелдің қатысы болуы мүмкіндігі анықталады. Алайда, ол жолы тәртіп сақшылары әйелді таппай, орнын сипап қалған еді. Соңғы сегіз жыл бойы оның қайда жүргені белгісіз болды.

«Әйел қылмыстық жауапкершіліктен кету үшін 2012 жылы Қостанайдағы туыстарына қашқан. Петропавлға қайтып келгеніне 4 жыл болыпты. Осы аралықта Жұмысшы кентіндегі туысының үйін жағалаған. Полицейлердің көзіне түспеу үшін ешқайда шықпай, тығылып отырған. Танысында жұмысы болып, сонымен кездеспек болған қашқынды тәртіп сақшылары ұстады», — дейді Петропавл қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Жасұлан Балдиков.

Қазір әйел уақытша ұстау изоляторында отыр, күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия