jasqazaq.kz

Петропавлда қар астындағы шөпті шапқан (видео)

02 желтоқсан 2020, 11:30

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында жұмысшылар қалың қардың астында қалған көшедегі шөпті шауып, тұрғындардың қызу талқысына түсті.

1 желтоқсан күні әлеуметтік желілерде Петропавлда қар астындағы шөпті шапқан жұмысшылар туралы видео тарады. Оны қала тұрғындарының бірі үйінің терезесінен түсірген. Қолдарына триммер ұстап, қыстыгүні шөп шауып жүргендердің әрекеті бірден жергілікті пабликтерге тарап, оқырмандардың қызу талқысына түсті.

Алдағы күндері Солтүстік Қазақстан облысына Премьер-Министр Асқар Маминнің сапары жоспарланған. Көпшілік бұл жұмыстарды осыған орай атқарылғанымен байланыстырды. Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне мәлім еткендей, әкімдіктің бұл жұмыстарға еш қатысы жоқ. Облыс орталығындағы ЗИКСТО зауыты өз ынтасымен айналадағы аумақты ретке келтіруге шыққан. Ал ЗИКСТО зауыты мұндай жұмыстарды жүргізбегенін айтуда.

«Видеода аялдама анық көрінеді. Жұмысшылар көшеде, аялдаманың қасындағы шөпті шауып жүр. Біз мұндай жұмыстарды атқарған емеспіз. Бізде тіпті, шөп шабуға арналған триммерлер де жоқ», — деп жауап берді тілшіге ЗИКСТО зауытынан.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Астана Сергек (@astana_sergek_kz)

ҚазАқпарат

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді