jasqazaq.kz

Петропавлда қала көшесінде автобус өртенді

24 қараша 2020, 12:07


Петропавлда бағыттық автобус өртенді, зардап шеккендер жоқ.  Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «101» қызметіне Болатбаев пен Шухов көшелерінің қиылысында автобустың өртеніп жатқаны жөнінде хабар бүгін, сағат 9.10 шамасында түскен.

Өрт сөндірушілер 3 минутта жетіп, жолаушылар көлігін 7 минутта толық сөндіріп алды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. «Өрт 22 М бағыттық автобусының қозғалтқышынан шыққан. Өрт сөндірушілер келгенде жүргізуші далада жүрген. Оның айтуынша, өз жұмысымен кетіп бара жатқандықтан автобус бос болған. 4 шаршы метр аумақ өртке оранып, көліктің жүргізуші отыратын жеріне, аспаптар панеліне зақым келді», — дейді Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары мекемесінің баспасөз хатшысы Аман Әуесханов. Жалпы СҚО-да жыл басынан бері 62 көлік жанған. Соның 44-і — жеңіл көлік, 9-ы — жүк көлігі және 3 автобус өртенді.

 ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде