jasqazaq.kz

Петропавлда келіншек 1944 жылғы наганды үйінде заңсыз сақтаған

22 желтоқсан 2020, 14:19

Петропавлда полицейлер 29 жастағы әйелдің үйінен заңсыз сақталған наганды тәркіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдың 29 жастағы тұрғыны 1944 жылы жасалған наган жүйесіндегі револьверді және оның алты патронын үйінде заңсыз сақтап келген. Мұны криминалдық полиция қызметкерлері жедел іс-шара барысында анықтады. Қару тәркіленді. Сараптама қарудың атысқа жарамдылығын көрсетті. Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы бойынша енгізілді. Күдіктіге қатысты міндетті түрде келу бұлтартпау шарасы қолданылды. Тәртіп сақшылары осы істің анық-қанығына жету үшін тиісті шараларды қолға алды.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының үшінші бөлігімен атыс қаруын заңсыз сақтап, қолданғандарға (тегіс ұңғылы аңшы қаруын қоспағанда) қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсырған адамның оны қылмысқа қолданғаны анықталмаған жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен босатылатындығын естеріңізге саламыз», — дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Мұрат Баукенов.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия