jasqazaq.kz

Петропавлда ер адам көпқабатты үйдің балконынан құлап кетті (Видео)

26 қазан 2022, 16:53

Әлеуметтік желілерде ер адамның екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен видеосы тарады. Оқиғаның Петропавл қаласында болғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіде тараған видеодағы ер адамды анықтады.

«Аталған дерек 15 қазанда таңғы уақытта болған. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның 38 жастағы тұрғыны бірер күн бұрын бір шаруамен Петропавлға келіп, Әуезов көшесі бойындағы үйлердің бірінің екінші қабатынан пәтер жалдаған. Оның айтуынша, пәтерде жалғыз болған, спирттік ішімдік ішкен. Темекі шегуге балконға шыққан ол тепе-теңдікті сақтай алмай, төменге құлаған. Біраздан соң есін жиып, өзі пәтеріне келген», — деді Петропавл қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Сейілбек Елжасов.

Ер адам медициналық көмекке жүгінбеген, ешкімге арыз-шағым түсірмеген. Кейін аман-есен автобуспен тұрғылықты жеріне жол тартқан. Қазіргі уақытта жағдайы бірқалыпты.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр