jasqazaq.kz

Петропавлда ер адам әскери жасаққа шабуыл жасаған

20 сәуiр 2021, 15:48

Петропавлда мас ер адам қала көшелерінде патрульде жүрген әскери жасаққа шабуыл жасады.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 сәуір сағат 20.00 шамасында патрульдердің бірі Петропавлдағы Ульянов көшесінде мас жүргіншіні байқаған. Ер адам әскери жасақтың медициналық куәландырудан өту ұсынысына қарсылық білдіріп, өзін агрессивті ұстаған. Арақтың сынған бөтелкесімен өзіне жарақат келтіріп, әскери қызметшіге жұдырық ала ұмтылған. Шабуыл жасаған ер адам ұсталып, автопатрульге тапсырылды. Аталған факті «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті бұрын адам өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіргені және тонағаны үшін бұрын сотталған 29 жастағы Петропавл тұрғыны болып шықты. Медициналық куәландыру оның мастығын растады.

«Күдіктіге қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Баптың санкциясы ірі мөлшердегі айыппұлдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Биыл облыс орталығында билік өкіліне қатысты күш қолданудың 2 дерегі тіркелді. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай жағдай спирттік ішімдікті асыра пайдаланумен байланысты болады», — дейді Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы Жандос Мұқатов.

Петропавлда күн сайын 151 әскери қызметші құқықтық тәртіпті сақтауға кезекшілікке түседі. Полицияның кешенді күштері құрамында олар қала көшелерін патрульдейді, шақыртуларға барады, бағдарлармен жұмыс істейді.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде