jasqazaq.kz

Петропавлда екі күнде бес адамды үсік шалды

07 ақпан 2019, 11:01

Петропавлда екі күнде бес адамды үсік қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

№3 қалалық аурухананың травматология бөлімінің аға ординаторы Мейрам Оспановтың айтуынша, жыл басынан бері үсік шалған 32 адам осы ауруханаға жүгінген. Соның 13-і қатты үсік шалғандықтан ауруханаға жатқызылды. «Кеше кешкісін 22 жастағы жігіт келді. Көшеде оның екі құлағы үсіп кеткен. Мас емес, тек көшеде жүріп алған. Үсік шала бастағанын байқап, құлақтарын уқалай бастапты. Үсік шалғанда адам ауруды сезбейтін кездер болады», — дейді М. Оспанов. Дәрігер адамдар тек аяқ-қолын үсік шалып, қарая бастағанда ғана дәрігерге жүгінетінін айтты. «Ол кезде біз зақымдалған ұлпаларды қалпына келтіре алмаймыз. Бір ғана жолы қалады — ампутация. Соңғы екі күнде бұған қажеттілік болған жоқ», — деді дәрігер. Оның сөзіне қарағанда, үсік шалған кезде, зақымданған жерді қармен, ылғал қолмен ысқылауға болмайды. Үсік шалған аяқты, қолды ыстық суға салу да қауіпті. Ол терінің некрозына әкеп соқтыруы мүмкін. М. Оспанов әдетте тұрғылықты мекені жоқ, мас адамдар үсік шалды деп жиі дәрігерге жүгінетінін жеткізді. Арақ ішкен адам көбінесе үсік шалғанын сезбей жүре береді. Бұған дейін Петропавлда полицейлер аязды күндері үйсіз-күйсіз адамдарды арнайы баспаналарға әкетіп жатқаны хабарланған болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде