jasqazaq.kz

Петропавлда екі адамды бағдаршамда автобус қағып кетті (Видео)

08 желтоқсан 2021, 16:30

Петропавлда бағдаршамның жасыл түсінің жануын күтпей, жолды кесіп өтпек болған екі жүргіншіні қоғамдық көлік қағып кетті.

WhatsApp мессенджерінде Петропавлдағы Букетов-Пушкин көшелерінің қиылысында болған жол-көлік апатының бейнежазбасы тарады. Екі жүргінші бағдаршамның жасыл түсі жануын күтпей жолды кесіп өтпек болған. Салдарынан оларды қатты жылдамдықпен келіп қалған автобус соқты. Оқыс оқиға көшедегі бейнекамераға түсіп қалған. Жазбадан жол-көлік оқиғасының 3 желтоқсан күні кешкі сағат 19.56-да болғанын көруге болады.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасында екі адам зардап шекті.

«2007 жылы туған қыз бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның жарақаты жеңіл болды, сондықтан тиісті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Қыздың қасында болған 30-дар шамасындағы жігіт облыстық көпбейінді аурухананың нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Ер адамның үш қабырғасы сынған, жабық бас сүйек-миы зақымданған», — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хатшысы Гүлнар Қалиева.

ҚазАқпарат

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр