jasqazaq.kz

Петропавлда екі адам пневматикалық қарудан жарақат алды

28 мамыр 2021, 16:04

Петропавлда екі ер адам пневматикалық қарудан абайсызда жарақат алды.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 мамыр күні түнде Петропавлдағы жарақат бөлімшесіне пневматикалық қарудан жарақат алған екі адам жүгінген. Дәрігерлер олардың денесіне тұрып қалған оқтарды алып, үйлеріне жіберді. Петропавлдың криминалды полицейлері бұл факті бойынша тергеу жүргізді. Ер адамдар «Borner» пневматикалық қаруын өздерімен бірге балық аулауға ала барған. Олар қару оқталмаған деп ойлаған. «Калибрі 4,5 мм аспайтын пневматикалық қаруды тіркеудің қажеті жоқ. Алайда кез-келген қаруды абайлап қолдану керек. Бұл оқиға соған дәлел. Ол үшін қаруды оқтаулы күйі сақтауға болмайды. Адамға қаратуға және ататын ойың болмаса саусақты шүріппеге қоюдың қажеті жоқ. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін қаруды сақтау, алып жүру, пайдалану талаптарын қатаң сақтаған жөн. Полицейлер қару иелерін үнемі тексеріп, профилактикалық іс-шараларды жиі өткізіп тұрады», — дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы Құрман Мусин.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде