jasqazaq.kz

Петропавлда былтыр газ баллоны жарылған көпқабатты үйден тағы да өрт шықты

03 ақпан 2022, 17:33

Петропавлда көп қабатты үйдің бірінші қабатында өрт шығып, мамандан 23 адамды эвакуациялады, 4 тұрғынды құтқарды.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 7.56 кезінде «101» жедел арнасына Петропавлдағы Интернационал көшесі, 21 үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түседі. Өрт сөндірушілер келгенде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтердің терезесінен қою түтін шығып жатқан. Жабық есікті бұзып ашып, мамандар өртті сөндіруге кірісті. Осы уақытта құтқару жұмыстары қатар жүргізіліп, жоғары қабаттардан баспалдақпен 23 адам, соның ішінде 4 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Тағы 3 ересек пен 1 бала құтқарылды. Оқиға орнында 23 өрт сөндіруші мен 8 техника жұмыс істеді. Өрт сағат 8.30-дар шамасында толық сөндірілді. Пәтердегі дүние-мүлік толық зақымданды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.

ҚазАқпарат

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді