jasqazaq.kz

Петропавлда бір айдың ішінде 40 адамды үсік шалды

25 қантар 2021, 16:59

Солтүстік Қазақстан облысында кейінгі он жылдан бергі ең төменгі ауа температурасы тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде өткен демалыс күндері сынап бағанасы 42 градусқа дейін төмендеді. Осыған байыланысты дауылды ескерту жарияланып, жолдар жабылды. Жалпы биылғы қыс қыңыр мінез танытып тұр. Бір ғана Петропавлда қаңтар айында 40 адамды үсік шалды. Тең жартысына шұғыл операция жасалды. Травматология бөлімі қазір де бос емес. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің дені – спирттік ішімдік ішіп жарақат алғандар.

Валерий Грибашов, қалалық көпсалалы аурухананың жарақат бөлімшесінің меңгерушісі:

– Өткен демалыс күндері 8 адамды үсік шалды. Екеуінің жағдайы ауыр. Адамдар жылы киімге мән бермейді. Дымқыл аяқ киіммен жүреді. Көбі мас күйінде түседі.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия