jasqazaq.kz

Петропавлда аялдамада ұйықтап қалған шенеунік қызметінен босатылды

26 қантар 2022, 16:53

Петропавлда мас күйде аялдамада ұйықтап қалған шенеунік қызметінен босатылды. ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан бойынша департамент басшысы Абай Балабековке қатысты іс тәртіптік кеңесте қаралды, деп хабарлайды Stan.kz.

Оқиға өткен жылдың қараша айында болған. Автобус аялдамасында алаңсыз ұйықтап жатқан мемлекеттік қызметшіні патрульдік полиция тауып алған. Онлайн өткен кеңесте айыпты жүрек талмасы болғандықтан көшеде жатқанын айтып ақталды.

«Мен бала кезден жүрек ауруына шалдыққанмын, диспансерлік тіркеуде тұрмын. Тыныс алу жолдарында да ақау бар. Үйге бармақ болып такси шақырттым, келмеді. Автобус аялдамасында қоғамдық көлік күттім. Сағат 22.00 шамасы болатын. Спирттік ішімдіктен бар-жоғы 300 грамм алған едім. Аялдамада көзімді жай ғана жұмып жатқан едім. Полиция тап болды», — дейді Арман Балабеков.

Алайда медициналық куәландыру шенеуніктің спирттік ішімдікке тойып алғанын көрсеткен. Тәртіптік кеңес мүшелері оны қызметінен босату жөнінде ұсынысты дауысқа салды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық