jasqazaq.kz

Петропавлда асфальт опырылып, екі көлік жер астына түсіп кетті (видео)

05 қазан 2017, 11:19

Петропавлда асфальт опырылып, екі көлік жер астына түсіп кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға Мира мен Крепостная көшелерінің қиылысында болған. Қала әкімдігінің өкілдері оқиға орнында жылу жолы жарылғанын хабарлады. «Мира мен Крепостная көшелерінің қиылысында жерасты жылу жолы жарылып, оның салдарынан топырақ опырылған. Опырылған жерге көлік түсіп кетті. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ», — деп хабарлады Петропавл әкімдігінің өкілдері. Полицияның мәліметінше, жол ортасында жер астына екі көлік түсіп кеткен. «Бір көлік өз бетімен шыға алды, екіншісі арнайы техниканың көмегімен көтерілді. Ешкім қаза таппады. Қалалық ІІБ ЖПҚ қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алды, жол қозғалысын реттеді», — деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД өкілдері. Оқиға орнында «Петропавл жылу желілері» ЖШС мамандары апат-жөндеу жұмыстарын жүргізді. Ал үйлерді жылумен қамту шұғыл түрде басқа жылу магистраліне ауыстырылған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде