jasqazaq.kz

Петропавлда алаяқтық жасаған патрульдік полиция инспекторы сотталды

02 наурыз 2022, 13:02

Петропавл қалалық соты көлік жүргізушісін алдап, оның 50 мың теңге ақшасын иемденбек болған патрульдік полиция батальонының инспекторын соттады.

Қылмыстық іске қатысты сот отырысы бүгін өтті. Петропавл қалалық сотының мәліметінше, 2021 жылғы 3 қазанда патрульдік полиция батальонының инспекторы С. жол қозғалысы ережелерін бұзды деген сылтаумен көлік жүргізушісін алдап, одан 50 мың теңгесін алмақ болған. Полицей ақшаны алғаннан кейін ұсталды. Инспектордың кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, жазбаша дәлелдермен дәлелденді.

«Сот үкімімен С. алаяқтыққа оқталғаны үшін кінәлі деп танылды, өйткені алған ақшасын пайдаланып үлгермеген. Сот С.-ның жасаған ісіне шын жүректен өкінуін, оның асырауында екі жас баланың болуын жазаны жеңілдететін мән-жай деп шешті. Өзі қабылдаған антты бұзуын қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ауырлататын мән-жай деп таныды. Қылмыстың бұл түріне айыппұл немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал қылмысқа оқталғаны үшін жазаның мерзімі немесе мөлшері аяқталған қылмыс үшін жазаның ¾ — ден аспауы тиіс», — делінген хабарламада.

Сот үкімімен С.-ға ұрланған мүліктің 15 еселенген мөлшерінде — 750 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, С. өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан, сондай-ақ полиция аға лейтенанты арнаулы атағынан айырылды.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде