jasqazaq.kz

Петропавлда алабай иесін қауып алды

22 қантар 2019, 12:51

Полицейлер қожайындарына шабуылдаған алабай итін атып тастауға мәжбүр болды.

Полиция департаментінің мәліметінше, ит 68 жастағы қожайынын тістеген. Ер адам жарақаттанған. Ит оны бірнеше жерінен тістеп, жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді. Белгілі болғандай, алабай вольердің ішінде тұратын болған, ал түнде иелері оны аулаға босатып жүрген. Оқиға болған күні таңертең әйел адам итті вольерге кіргізе алмай қойған. Ит әйелге көнбегесін, дереу көмектесуді жөн көрген ер адамды да тістеп алған. Әйел полиция шақыртқан. «Үй иелерінің көршілері тәртіп сақшылары келіп жеткенше иесін тістеп жатқан итті шарбақтың ар жағынан алдауға тырысты. Алайда, ит иелерін жібермеді. Оқиға орнына келіп жеткен Петропавл патрултьдік полиция батальонының қызметкерлері табельдік қаруды қолдануына тура келген», — деп хабарлады баспасөз қызметі. Қала тұрғынының шағымдану фактісі бойынша деректер жиналып, тексеріс қорытындылары бойынша шешім қабылданады.

ktk.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық