jasqazaq.kz

Петропавлда әкесі балаларын байлап, көлікке қамап кеткен

09 мамыр 2019, 18:19

Петропавлда патрульдеу кезінде Ұлттық Ұланның әскерлері автокөліктің жүк салғышынан аяқ-қолдары байланған балаларды тауып алды.

Ұлттық гвардияның 6637 әскери батальонының штаб басшысы Ерхан Мусалимов сарбаздардың күн сайын кезекшілікке шығатынын айтты. Шаһарды торуылдау кезінде сарбаздарға балаларын таба алмай жүрген әйел келіп, көмек сұраған. Қала тұрғынының айтуынша, өзі екі жұмыс істейтін болған соң балаларын үйінде жұбайы қарайтын көрінеді. Жұмыстан соң үйіне барған әйел күйеуін де, бүлдіршіндері де таппай қалыпты. Сол маңда жүрген азаматтар жақын жердегі гараждардың бірінен балалардың дауысын естігенін айтқан. «Жедел топты шақырып, гаражды ашқыздық. Көліктің жүксалғышында қол-аяғы байланған ағасы мен қарындасын таптық», — дейді лейтенант Темірханов. Айтуынша, балалардың әкесін түн жарымына дейін іздеген. Кейін оның балаларын көлікке қамап, өзі ішімдік ішуге кеткені анықталды.

Ktk.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде