jasqazaq.kz

Петропавлда 9 және 13 жастағы қыздар педофилдердің құрбаны болды

05 тамыз 2021, 9:45

Петропавлда кәмелетке толмаған 9 және 13 жастағы екі қыз педофилдердің құрбаны болды. Қаскөйлердің бірі қолға түссе, екіншісі бостандықта жүр.

Солтүстік Қазақстан облысы ПД мәліметінше, 3 тамыз күні 9 жастағы балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен облыс орталығының бұрын сотталған тұрғыны ұсталды. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

“Аталған факті «Жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр”, – делінген ПД хабарламасында.

Stan.kz хабарлауыншы, екінші оқиға кеше болған. Петропавлда WhatsApp желісіндегі ата-аналар чаттарында кешке қарай педофилдің жас қызды зорлағандығы жайында ескерткен жазбалар тарады. Қала тұрғындарының айтуынша, оқиға Петропавлдағы Мещан орманында, тубдиспансердің маңында болған. 13 жастағы қызға зорлық жасаған ер адам оқиға орнынан қашып кеткен.

Полицейлер бұл оқиғаны да растады.

“Факті ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта кінәлі тұлғаны анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр”, – деді ПД өкілдері.

Бұл қылмыстар СҚО ПД-нің және облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия