jasqazaq.kz

Петропавлда 5 қабатты үйдің шатыры опырылып түсті

04 наурыз 2019, 17:19

Петропавлда қалың қар салдарынан бес қабатты үйдің шатыры опырылып түсті. Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 4 наурызда түскі сағат 12:30 шамасында болған.

«112» телефон нөміріне Болатбаев көшесіндегі, 28 үйдің шатыры құлағаны туралы ақпар түсті. Төтенше жағдай орнына департаменттің басшылық құрамы, «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары» ММ-нің және «Жедел құтқару жасағы» ММ-нің жеке құрамы, Петропавл қалалық ТЖ басқармасының мамандары, Полиция департаментінің, қалалық әкімдіктің өкілдері — барлығы 31 адам, 10 техника жетті. Тәртіп сақшылары қауіпті аймақты қоршауға алды» делінген ақпаратта. Мамандардың айтуынша, 1983 жылы салынған бес қабатты үйдің шатыры жиналған қардың салмағын көтере алмай опырылған. Жалпы аумағы 50 шаршы метр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Пәтерлерге зақым келмеген. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр.

24.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда