jasqazaq.kz

Петропавлда 22 жастағы жігіт үйінде синтетикалық есірткі әзірлеп сатқан (Видео)

10 желтоқсан 2021, 11:18

Петропавлда үйінде синтетикалық есірткі әзірлеп сатқан күдікті ұсталды. 22 жастағы жігіттің үйін тінту кезінде 31 түйіншек табылған. Сараптама оның 500 доза «мефедрон» екенін көрсетті. Бұл аса ірі көлемге жатады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі СҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Петропавлдың 22 жастағы тұрғыны тамыз айының соңында есірткі қылмысына қарсы күресушілердің назарына іліккен. Тәртіп сақшыларына жас жігіттің есірткілерді таратуға қатысы болуы мүмкін деген ақпарат келіп түскен. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде күдікті ұсталды. Тұрғылықты жері бойынша тінту барысында одан ұнтақ тәрізді зат салынған полимер түйіншектер табылды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 31 грамм. Сараптама бұл психо белсенді зат «мефедрон» — кокаиннің синтетикалық аналогы екендігін көрсетті. Тәркіленген зат 500-ге жуық бір реттік қолданылатын дозаны құрайды.

«Оның жауабын тексеру кезінде полицейлер таблеткаларды да тәркіледі. Дәрілер психотроптық зат MDMA, немесе «экстази» деген атпен белгілі метамфетамин болып шықты. Айта кететін болсақ, бұл биылғы жылы СҚО-да метамфетаминді тәркілеудің алғашқы жағдайы. Аса ірі мөлшердегі есірткі заттарымен заңсыз айналысу фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты күзетпен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды», — деді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Иван Терзиди.

Күдікті есірткі жасап сатқаны үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде