jasqazaq.kz

Петропавл тұрғынынан 70 кг марихуана тәркіленді

10 наурыз 2019, 22:54

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер «Арлан» арнаулы жасағымен бірге арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, рейд кезінде Петропавлдың 37 жастағы тұрғыны ұсталған. Ол тарату мақсатымен ерекше ірі мөлшерде есірткі заттарын сатып алды деген күдікке іліккен. Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы 70 килограмнан асады. «Күдікті қазір қамауда, ҚР Қылмыстық кодексінің 297-ші «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр», — дейді полицейлер. Осы бапқа сәйкес, оған 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын берілуі мүмкін. Жыл басынан бері облыста есірткімен байланысты 53 заң бұзушылық ісі ашылған. Жалпы 71 кг есірткі тәркіленген, соның 60 грамнан астамы — героин.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда