jasqazaq.kz

Петропавл тұрғынын көлік қағып, аяғын жұлып әкетті

28 қазан 2018, 21:56

Петропавлда жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан қала тұрғынын көлік қағып кетті. Қатты соққыдан жас жігіттің аяғы жұлынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Куәгерлердің айтуынша, қайғылы жағдай 3-емханаға қарама-қарсы бетте болған. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті. Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апаты орын алғанын растады. Олардың айтуынша, жүргізуші көп ұзамай ұсталған. «Қизатов көшесінде жаяу жүргіншіні қағып, өзі қашып кеткен «Mitsubishi Montero Sport» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі қолға түсті. Қазір тиісті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, жүргізуші мас болған», — деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі. Аталмыш жол-көлік оқиғасы Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді