jasqazaq.kz

Петропавл тұрғыны үш қап марихуананы көлік жалдап тасымалдаған

29 қазан 2020, 17:57

Петропавлда тәртіп сақшылары көшеде тоқтатылған көліктен 60 келіге жуық марихуана тапты.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде мамыр айынан бастап «Қарасора» іс-шарасы өтіп жатыр. Петропавлда операция аясында полицейлер Қизатов-Хименко көшелерінің қиылысында 44 жастағы жүргізуші басқарған «Toyota Mark 2» автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушінің қасында 50 жастағы жолаушы болған. Көліктің жүксалғышынан скотчпен оралған, өткір иісі бар өсімдік тектес зат салынған үш қап табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес оның кептірілген марихуана екендігі анықталды. Салмағы 59 кг 770 грамм, бұл аса ірі көлемдегі есірткі саналады. Есірткі жолаушыға тиесілі. Оның айтуынша, марихуананы белгісіз адамнан сатып алған және оны тасымалдау үшін жүргізуші жалдаған. Қапта не бар екенін жүргізушіге айтпаған. Аталған факті «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, полицейлер болған оқиғаның мән-жайын анықтауда.

«Бұл — жыл басынан алынған ең ірі көлемді есірткі. Жалпы жыл басынан заңсыз айналымнан 390 келі түрлі есірткі, оның ішінде 1 кг 690 грамм синтетикалық есірткі алынды. Қылмыстық жауапкершілікке 85 адам тартылды», — дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия