jasqazaq.kz

Петропавл орталығында жастар төбелес ұйымдастырды

08 ақпан 2021, 12:04

Петропавл орталығында бір топ жас жігіт түнгі уақытта төбелес ұйымдастырды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Петропавловск.news» басылымына сілтеме жасап хабарлаған.
6 ақпан күні түнгі сағат түнгі уақытта Жамбыл және Сәбит Мұқанов көшелерінің қиылысындағы тұрғын үйдің терезелерінің астында айқайлар, ал біраз уақыттан кейін сынған терезенің үні естілген.

Дабыл қаққан тұрғындар дереу полиция қызметкерлерін шақырды. Алғашқы патрульдік машина бес минут ішінде келді.  Тәртіп сақшылары көшеде сырт киімсіз қалған адамдардан жауап ала бастады. Олардың бірі төбелес салдарынан жарақат алып, оған жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Оқиғаның қалған қатысушылары патрульдік көліктерге отырды. Карантин шектеулерін елемей, жастар жиналған ғимараттың ішіне полиция қызметкерлері бір сағаттан астам уақыт кіре алмады. Түнгі сағат екіде ойын-сауық мекемесіне келушілер шатыр арқылы оқиға орнынан кетуге тырысты.

Кейбіреулері тіпті шатырға қарайтын пәтерлердің терезелерін қаққан. Бұл туралы полиция қызметкерлеріне үй тұрғындары айтқан.  Біраз уақыттан кейін қызметкерлер пәтер иелерінің көмегін пайдаланды, олардың балконы арқылы тәртіп бұзушыларды шатырға шығарып, ұстады.  Түнгі сағат үште полиция ғимаратқа кірді. Таңғы сағат беске дейін сол жерде жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде оқиға орнына патрульдік полицияның төрт экипажы келді, оннан астам қызметкер тартылды.  Басылым атап өткендей, бұл мекен-жайдағы алғашқы түнгі төбелес емес.

«Осы оқиғадан кейін тұрғын үйдің терезелері астындағы төбелес тоқтатылып, ойын-сауық мекемесінің ұйымдастырушылары мен қонақтары заң бойынша жазасын алады деп сенеміз», — деп жазды басылым.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия