jasqazaq.kz

Петропавл қаласының әкімі отставкаға кетті 

22 маусым 2022, 10:25

Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков өз еркімен отставкаға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Петропавл қаласы әкімі отставкаға кеткендігі туралы жазбаны әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады.

«Бүгін мен отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Үш жыл ішінде біз бірлесіп көптеген сынақтардан өттік: карантин, қаланың жабылуы, қаңтардағы оқиғалар, тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық және құрылыс бойынша көптеген мәселелер. Осы кезеңдерде қалалық әкімдіктің барлық командасы өздерін кәсіби жағынан көрсетті. Әріптестерге, коммуналдық кәсіпорындарға, кәсіпкерлерге, ПИК және меншік иелері бірлестіктерінің төрағаларына, депутаттарға, Қоғамдық кеңес мүшелеріне, БАҚ өкілдеріне, құқық қорғау, денсаулық сақтау және білім беру органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ барлық белсенділерге бірлескен жұмысы үшін жеке алғысымды жеткіземін», — делінген жазбада.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр