jasqazaq.kz

Петропавл іргесіндегі саяжайда 7 үй жанып кетті

24 мамыр 2019, 19:09

Петропавл маңында орналасқан саяжай кооперативінде шыққан өртті тек 3,5 сағаттан кейін ғана сөндіру мүмкін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдай Петропавлдағы «Ракета» саяжай кооперативінде болды. Қураған шөптен басталған өртті дауыл өршітіп, соның салдарынан өрт сөндірушілерге барлық күшті жұмылдыруға тура келді. Оқиға орнында 48 қызметкер және 11 техника жұмыс істеді. «Дабыл бойынша департаменттің барлық күш құрылымдары көтерілді. Бүгінгі күн райы жағдайды ушықтырып тұр. Желдің жылдамдығы секундына 25-тен 30 метрге дейін. Бұл өз кезегінде бізге кедергі жасап бағуда. Сондай-ақ тар көшелер де жұмысты қиындата түсті», — деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев. Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, түскі бірлер шамасында басталған өртті мамандар тек 3,5 сағаттан кейін ғана толық сөндірді. Жалын шарпыған аумақ 1,5 мың шаршы метр. Жеті саяжай үйі жанып кетті. Мамандардың болжамынша, өрт тұрғындардың қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамауынан шығуы мүмкін.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда