jasqazaq.kz

Петропавл әкімдігінің қызметкерлері 17 пәтерді заңсыз иемденген

01 қараша 2018, 11:03

Петропавл қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғалары Ұлттық қордан қаражатты ұрлау арқылы 17 мемлекеттік пәтерді заңсыз иеленген. Бұл туралы Tengrinews.kz Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, тұрғындардан алдағы уақытта сүрілетін үйлермен бірге жер учаскелері сатып алынған. Одан кейін шенеуніктер оларды келісілген тұлғаларға рәсімдеген және артынан үйді меншік иелеріне әдейі үлеске бөлу (меншікке) арқылы меншік иелерінің санын жасанды түрде көбейткен.

– Нәтижесінде алынған бір тұрғын үйдің орнына мемлекеттік тұрғын үй қорынан екі-үш пәтерден алған. Мемлекетке келтірілген шығын 213 миллион теңгеден асады. Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бұрынғы басшысы Б.Өмірсейітоваға, облыстың аудандарының бірінің көші-қоны полициясының бастығы М.Сағдиге, заңгер Ж.Есетоваға және К. Өмірсейітовке қатысты мүлкін тәркілеумен 6 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыруға үкім шығарылды, — деп хабарлады прокуратура өкілдері. Ведомстводағылардың мәліметінше, келтірілген барлық шығын сотталғандардан бірлескен тәртіпте өндіріліп алынды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық