jasqazaq.kz

Перзентхананың еденінде босанды

24 қыркүйек 2019, 18:06

Қарағандыда Майқұдық перзентханасына түскен жүкті әйел еденде босанып қалды. Медициналық мекемедегілер мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Перзентхана директоры Татьяна Ювиктің сөзінше, 27 жастағы әйел 23 қыркүйекте түнгі сағат 2-де перзентханаға түскен. Онда жалған толғақ болыпты. Мұнан кейін дәрігерлер оны патология бөліміне орналастырған.

Дәрігерлер әйелге кардиотокография жасап, құрсақтағы нәрестенің жүрек соғысы мен босану белгілерін тексерген. Алайда бұл уақытта босану белгілері болмаған. Мұнан әрі әйел дәлізде жүріп, сол кезде жылдам босана бастапты. Ювиктің айтуынша, бұл уақытта оны палатаға жеткізу немесе қоларбаға жатқызу мүмкін болмаған көрінеді. Жағдайды көрген акушер нәрестенің зақымдануына жол бермес үшін, әйелді еденге жатқызуына тура келіпті.

«Онда жылдам босану процесі болды. Бұл жағдайда нәрестені зақымдап алмас үшін, әйелді еденде босандырып алды. Себебі қоларбаға жатқызу мүмкін емес. Жаңа туған нәрестені бірден анасының денесіне жатқызды. Ол еденге тиген жоқ. Кезекші дәрігерлер бірден келіп, әйелді қоларбаға жатқызып, қалған әрекеттерді босану залында жасаған. Әйел бірінші және екінші жүктілігінде де тез босанған», — дейді перзентхана директоры.

Дәрігерлер қазіргі уақытта жас босанған ана мен перзентінің жағдайы қанағаттанарлық екенін айтады. Оларға инфекция жұқпаған.

«Алайда әйел күмәнданбауы үшін, нәрестенің бас миын толық тексеру жүргізіледі», — дейді Татьяна Ювик.

Сонымен қатар ол перзентханада 156 орын бар екенін, дәрігерлердің босану залында, қабылдау бөлімінде жұмыс істеп, кезекшілік бойынша тапсырылған пациенттерді қарайтынын жеткізді.

Бүгін, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық