jasqazaq.kz

Перзентхананың бас дәрігері пара алғаны үшін сотталды

27 қыркүйек 2019, 12:32

Алматы қаласының шаруашылық жүргізу құқығындағы №1 қалалық перзентханасының бас дәрігері пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі №1 қалалық перзентхананың бас дәрігері Н. К. Ракишеваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол аталған перзентханада фото және бейнетүсірілім қызметін еш кедергісіз жүргізген ЖШС директорынан 200 мың теңге пара алды, сондай-ақ Алматы қалалық мемлекеттік активтер басқармасына келісімшартты бұзу туралы хат жібермеді деп айыпталған еді. 26 қыркүйекте Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Н. К. Ракишеваға пара алғаны үшін 6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды және мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысуына өмір бойына тыйым салынды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда