jasqazaq.kz

Перзентханадағы жүкті әйелден коронавирус анықталды

19 қазан 2020, 17:23

Маңғыстау облысында перзентханада жатқан жүкті әйелден коронавирус анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Облыстық комммуникация орталығының мәліметінше, 19 қазандағы жағдай бойынша өңірдегі инфекциялық стационарларда 54 адам ем қабылдауда. Оның екеуінен ПТР-тестілеу қорытындысы оң нәтиже көрсеткен. Олардың бірі – перзентханада жатқан жүкті әйел, екіншісі – облыстық балалар ауруханасына түскен сәби. Қалған 52 адамға коранавирустық пневмония диагнозы қойылған.

«Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде 3 науқас жатыр. Оның 2-нің жағдайы ауыр, тағы 1 науқас өте ауыр хәлде деп бағалануда. Олардың жағдайының нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп. Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 25 пайызды құрайды», — делінген хабарламада.

Бүгінде аймақ бойынша 215 инфекциялық төсек-орын мен 9 стационар бар. Бұдан бөлек тағы 11 стационар мен 1835 кереует қолданысқа әзір. Барлық техника, мүлікпен қамтылған бұл орында резервте тұр.

Айта кетейік, КВИ-дің келесі толқынына әзірлік аясында 70 мың адам тұмауға қарсы екпе алады деп жоспарланған. Бүгінде 90 процентіне екпе салынды. Олардың басым көпшілігін жүкті әйелдер, жиі ауыратын тұлғалар мен есепте тұрған азаматтар құрайды.

Бүгінде өңірде 3372 адам вирус жұқтырып, 3326 адам жазылып шыққан.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия