jasqazaq.kz

Перзенханадан ұрланған сәбиді сатпақ болған

12 шiлде 2019, 12:32

Тараз қаласының перинаталдық орталығы ұрланған бүлдіршін жайлы жаңа мәліметтерді айтты.

Орталық қызметкерлерінің сөзінше, оқиға босанған әйелдер түскі асқа кеткен кезде болған. Нәрестелердің жанында акушер мен санитар әйел қалған. «Ол баланы алып, қызметтік есіктен шығып бара жатты. Орталық қызметкері нәрестеге қарап отырып, бір сәтке қызметтік телефонға жауап берген. Артына қараса, бала жоқ», — деді аудандық перинаталдық орталықтың бас акушері Сәуле Альжанова. Жас ана алаңдап, дабыл қаққан. Дәрігерлер нәрестені аурухана бөлмелерінен іздеген, алайда баланың ғимаратта жоқ екенін сезгесін, полиция қызметкерлеріне хабарласқан. Тәртіп сақшылары камера жазбаларын анықтап қарай бастады. Бейнежазбадан баланы ұрлаған адам ретінде босанған әйелдердің бірін таныды. Ол жаңадан туылған нәрестесімен оқиға болардан үш күн бұрын ауруханадан шыққан. Бұл жолы 22 жастағы күдікті ауруханада жатқан көршісінің халін білу үшін келіпті-мыс. Жас ананы мекемедегілер танитын, сондықтан еш күдіктенбестен ғимаратқа кіргізген. Кейіннен, баланы ұрлаған жас ана бүлдіршінді Алматы қаласындағы жас отбасына сатпақшы болғаны анықталды. Кездесу перзентхананың жанындағы қонақүйде орын алмақшы болған. Алайда сол жерде күдіктіні құрықтаған. Кейінне анықталғандай, ол құқық қорғау қызметкерлерінің назарына бұрын да түскен екен. Алайда, алдыңғы әрекеттері сотқа дейін жетпеген. Енді ол түрмеге қамалуы мүмкін. «Алдын ала келісу арқылы кәмелетке толмаған адамдармен сауда жасау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қылмыстық заң бабының санкциясына сәйкес тәркілеу арқылы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырулуы мүмкін. Жаза мерзімі жас ананың нәрестесі бар екендігін де қарастыратын болады», — деді Жамбыл облысының ПД тергеу басқамасы бастығының орынбасары Жарасқан Ақбердиев. Қазіргі таңда күдікті ешқайда кетпеу туралы тілхатпен жүр. Жамбыл облысының периноталдық орталығында болған оқиғадан кейін, мекемеде тексеріс жұмыстары басталды. Балаға қарау керек болған акушер мен санитар әйелді жұмыстан босатты. Екі аға акушерді қызметінен төмендетті. Сонымен қатар екі бөлімнің басшыларына да сөгіс жарияланды.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде