jasqazaq.kz

Перуашев: Мемлекеттік қызметкер халық ақшасының әр тиынын үнемдеуі қажет

20 маусым 2019, 14:46

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев бюджет қаражатын оңды-солды шашатын шенеуніктерге бизнеске баруға кеңес берді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

«Ақ жол» фракциясының пікірінше, ұлттық қордағы қаражатты үздіксіз пайдалану мен бюджет шығысының кірістен ұдайы артық болуына экономикалық базаның артта қалуы себеп болып отыр.

«Сарапшылардың мәліметінше, Ұлттық қордың шығысы кірістен кезекті рет асып түсті, яғни бюджеттің қазіргі әкімшілері өздеріне емес, болашақ ұрпаққа тиесілі ақшаны жеп жатыр деген сөз», — деп ашуланды депутат.

Перуашевтың айтуынша, мұнымен бірге мемлекеттік қарыз мөлшері де ұлғайып барады.

«Мұнымен қоса, мемлекеттік және кепілдендірілген мемлекеттік борыштың едәуір өсіп жатқаны таңғалдырады. Осыдан-ақ, біздің мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың ақшаны оңды-солды шашып жатқанын байқауға болады, бұл әдет түбегейлі қайта қарауды қажет етеді», — деді ол.

Осы орайда мәжілісмен «Ақ жол» фракциясының араны ашылған шенеуіктердің мәселесін талай рет көтергенін еске салды. Оның ішінде мемлекет ақшасына зәулім үй, қымбат автокөлік, тіпті эбен ағашынан жасалған бағалы жиһаздарға дейін сатып алған жергілікті бастықтар бар.

«Осымен доғарарсыздар, мүмкін. Шалқып өмір сүргілеріңіз келсе, бизнеске барып, ақша табыңдар, ал мемлекеттік қызметкер халық ақшасының әр тиынын үнемдеуі қажет», — деп кеңес берді Перуашев.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда